send link to app

Muftiyat.kz


4.4 ( 8624 ratings )
Lifestyle
Entwickler Muftiyat.kz
Frei

MUFTIYAT.KZ қосымшасының көмегімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми ақпараттарын, пәтуалары мен өзекті сұрақтарға жауаптарын хабарлама арқылы көруге болады.

Қосымшаның медиа бөлімінде Діни басқарманың «Munara FM» радиосын үздіксіз тыңдау мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, елімізге белгілі ұстаздарымыздың уағыз, дәрістерін тыңдай алады.

Карта бөлімінде, жақын жерде орналасқан мешіттер мен намазханалар, діни оқу орындар туралы ақпараттарды көруге болады.

Сұрақ-жауап бөлімінде өзіңізге қажетті кез-келген сұрақты іздеуге немесе бағыттар бойынша көруге әрі ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінен онлайн сұрақ қою арқылы ресми жауап алуға болады.

Халал өнімдер бөлімінде «QMDB HALAL» сертификатын алған кәсіпорындар мен тамақтану орындарын көруге болады.

Сонымен қатар, еліміздің кез-келген өңірін таңдау арқылы бес уақыт намаз уақытын, намаз кестесін және қыбла бағыты мен діни мерекелерді көру мүмкіндігі қарастырылған.